13 сәуір 2021 13:01

АҚШ-та бюджет тапшылығы рекорд деңгейге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-та мемлекеттік бюджет тапшылығы 2021 жылдың бірінші жартысында 1,7 триллион доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тhe Seattle Times" басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-та мемлекеттік бюджет тапшылығы 2021 жылдың бірінші жартысында 1,7 триллион доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тhe Seattle Times" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне сүйенсек, бұл рекорд көрсеткіш және 2011 жылы тіркелген жарты жылдағы максималды көрсеткіштен екі есеге көп.

АҚШ Қаржы министрлігі мәліметі бойынша, биыл алғашқы алты айда федерал бюджет шығындары 3,4 триллион доллардан асып, 45,3 пайызға артқан. Наурызда АҚШ-тың бюджет тапшылығы шамамен 660 миллиард долларға өсті.

Ел билігі бюджет тапшылығын Үкіметінің COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысты еңсеруге арналған шұғыл шығындарымен байланыстырады.

Айта кету керек, АҚШ президенті лауазымына ресми кіріскенге дейін Байден "Американы құтқару жоспарын" 1,9 триллион долларға ұсынды. Пандемиямен күресуге тікелей 400 миллиард доллар бөлуді қарастырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети