1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ-та COVID-19 құрбандарының саны көбейді 15 желтоқсан 2021, 15:08

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 800 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 800 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирусқа байланысты ауру мен өлім-жітімнің саны күн сайын өсіп, 800 343 жағдайға жетті. Бұл көрсеткіш әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.

©REUTERS

Сонымен, әлемнің әртүрлі елдеріндегі коронавирус инфекциясын бақылайтын халықаралық Worldometer ресурсының мәліметі бойынша, АҚШ-та пандемия басталғалы бері аурудың салдарынан 821 335 адам қайтыс болды.

©REUTERS

АҚШ әлем халқының шамамен 4 пайызын құраса, пандемия басталғаннан бері коронавирустан болған 5,3 миллион өлімнің шамамен 15 пайызы осы елде тіркелді. АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған америкалықтардың санын екі есеге арттырды.

АҚШ президенті Джо Байден сейсенбі күні кешке осы ауыр кезең туралы мәлімдеме жасады.

"COVID-19 салдарынан қайтыс болған 800 000 адамды және олардың өмірін еске аламыз және олардың артында қалғандар үшін дұға етеміз. Мен барлық америкалықтарды еліміздің қауіпсіздігін сақтауға, патриоттық парызды орындауға шақырамын", - деді президент.

©REUTERS

Бұған дейін АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 1918 жылғы испан тұмауы пандемиясының құрбандарының санынан асып кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram