01 наурыз 2020 10:05

АҚШ-та коронавирустан бір адам қайтыс болды. Төтенше жағдай режимі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CC BY 2.0 / Paul Sableman / St. Louis Fire Department Emergency Medical Service © CC BY 2.0 / Paul Sableman / St. Louis Fire Department Emergency Medical Service

Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли штат аумағында коронавирустың жаңа түрінің таралуына және  COVID-19 вирусынан бір адамның қайтыс болуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы губернатордың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли штат аумағында коронавирустың жаңа түрінің таралуына және  COVID-19 вирусынан бір адамның қайтыс болуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы губернатордың сайтында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жалғасы

"Мен, Джей Инсли, Вашингтон штатының губернаторы, қазіргі жағдайға байланысты... Вашингтон штатының барлық округында төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеймін", - делінген сенбіде таралған Қаулыда. 

Губернатор мемлекеттік мекемелерге және департаменттерге мемлекеттік қаражатты пайдаланып, коронавирустың таралмауы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. ТЖ режимі сондай-ақ штаттың Ұлттық гвардиясын тарту көзделген. 

CNN телеарнасының мәліметінше, АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған бірінші адам - 50 жастағы әйел екен. Ол елден шықпаған. 

Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда ауру жұқтырғандар саны - 79,8 мыңнан аса адам, 2870 адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 85,4 мыңнан асқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети