1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ-тағы сайлау: Клинтонның жақтаушылары жылап жатқан видео пайда болды

Хиллари Клинтон © REUTERS Хиллари Клинтон © REUTERS

АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның жақтаушылары жылап жатқан видео пайда болды, - деп жазады Газета.ru

CBS News телеарнасы тікелей эфирден АҚШ президентіне кандидат Хиллари Клинтонның штабында түсірілген видеоны көрсетті. Видео телеарнаның Twitter желісінде жарияланды.

Сайлау қорытындысы кезінде түсірілген видеодан Нью-Йорктегі Джейкоб Джевитстың баспасөз орталығында жиналған Клинтонның жақтаушыларының кейбіреулерінің жылап жібергендерін көруге болады.

"Бастапқыда Клинтонның АҚШ президенті болуына мүмкіндігі көбірек деген болжам болды. Бұл болжамды сауалнамалар да растады. Бірақ қазіргі уақытта NBC News мәліметінше, Трамп алда келеді. Трампта сайлаушылардың 244 дауысы болса, Клинтон сайлаушылардың 209 дауысына ие. Сондай-ақ, Трампқа 1,5 миллионнан аса сайлаушы дауыс берген", - деп келтіреді басылым.

Еске салайық, осыған дейін де АҚШ-тағы президент сайлауында Трамптың алда келе жатқаны хабарланған болатын. Алайда қазіргі таңда негізгі штаттардың дауысы есептелмеген.