25 қазан 2021 12:21

АҚШ-тағы түсірілім топтары Болдуиннің оқиғасынан кейін қарудан бас тартты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тағы түсірілім топтары актер Алек Болдуинмен болған кездейсоқ оқиғадан кейін атыс қаруынан бас тарта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-тағы түсірілім топтары актер Алек Болдуинмен болған кездейсоқ оқиғадан кейін атыс қаруынан бас тарта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Кинорежиссер Галина Хатчинс қайтыс болғаннан кейін, Голливудтың түсірілім алаңдарында атыс қаруын алып жүруге тыйым салуға шақырған петиция 15 мыңнан астам қол жинады.

Сонымен қатар, "Пацаны" және "Новичок" телехикаяларын жасаушылар нағыз қаруды бос оқтармен қолданудан толығымен бас тартатындықтарын айтты. Түсірілім топтары компьютерлік графикамен ауыстырылады. Көптеген актерлер мен сала өкілдері продюсерлердің үндеуіне қолдау білдірді, атап айтқанда, жазушы Нил Гайман мен "Доктор Кто", "Шерлок" и "Благие знамения" сериалдарының режиссері Дуглас Маккиннон оның бастамасын қолдайтынын айтты.

Калифорния штатының сенаторы Дэйв Кортес Голливудтағы түсірілім алаңдарында әскери оқ-дәрілерге тыйым салу туралы заң жобасын қабылдау қажеттілігін айтты. 

Еске салайық, 21 қазанда актер Алек Болдуин кездейсоқ оператор Галина Хатчинсті атып өлтірді және режиссер Джоэла Соузуды жарақаттады. Полицияның мәліметінше, оқиға атыс қаруын қолдану салдарынан болған. АҚШ кино өнері институты Хатчинсті еске алу үшін стипендия тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети