09 қараша 2016 14:46

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дональд Трамп. © REUTERS Дональд Трамп. © REUTERS

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Американың мүддесін жоғары қойсақ та, әлемге айтқым келетіні, біз барлығымен де бірге боламыз. Әрбір халықпен, әрбір ұлтпен өзара түсіністік табамыз. Бұл қақтығыс емес, серіктестік болады", - деп атап өтті Дональд Трамп өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.

"Маған қазір ғана Хиллари Клинтон телефон соқты. Ол мені жеңіске жетуіммен құттықтады. Мен оны және оның отбасын осынау қиын сайлау кампаниясындағы күресуімен құттықтадым. Хиллиари өз өмірінде ұзақ уақыт жұмыс істеді. Оның елімізге көрсеткен қызметі үшін алғыс білдіруімізге болады", - деді АҚШ-тың жаңа президенті.

Дональд Трамптың пікірінше, енді "Америка бөлінушілікті қоюы керек" және "ұлтты қайта құру керек".

"Демократтар мен республикалықтар бір ұлтқа бірігуі тиіс. Уақыт жетті. Еліміздің барлық азаматы барлық америкалықтың президенті болуға ант беремін. Бұл мен үшін өте маңызды. Бұған дейін мені қолдамағандар, сізденден көмек сұраймын, біз бірігіп жұмыс істеп, елімізді біріктіре аламыз. Осыған дейін де айтқанымдай, бізде кампания емес, құдды бір қозғалыс болды. Өз жұмысына берілген, өздері үшін, өз отбасы үшін күрескен ерлер мен әйелдер. Бұл қозғалыс билік халық үшін жұмыс істеуі керек деп есептейтін барлық ұлттағы америкалықтарды, діни сенімдерді қамтиды. Солай болады да. Жұмысты бірге істей келе, біз ұлтымызды қайта құрамыз", - деді Трамп.

АҚШ-тың 45-ші президенті жаңа жұмыс орындарын, жаңа инфрақұрылымды және көптеген елмен қарым-қатынасты жақсартуды уәде етті.

"Біз зор мүмкіншіліктерімізді пайдаланбадық, осы бағытта жұмыс істеймін, бар мүмкіндігімізді пайдаланамын. Әрбір америкалық өз мүмкіндігін жүзеге асыра алады. Назарсыз қалып қойған тұрғындарымыз енді назарсыз болмайды. Инфрақұрылыммен айналысамыз, жолдар, көпірлер, қалалар жаңарады. Миллиондаған адам жұмыспен қамтылады. Соңғы 18 айда көптеген ардагерімізді көрдім. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Олар - ұлы адамдар. Дарындарымызды көбейтемін, дарындарымыз халқымыздың әл-ауқатын жақсару үшін қызмет ететіндей жағдай жасаймыз. Экономикамыздың дамуына нақты жоспарымыз бар, барлық елмен түсінісіп, қарым-қатынасымызды жақсартуға ден қоямыз. Ешбір арман орындалмай қалмауы керек, ешбір сын біз үшін ауыр болмауы керек, бәрінен де өтеміз. Америка тек үздікке қол жеткізеді. Халқымыздың тағдыры оң қадам басатындай жағдай жасаймыз. Біз халқымыздың болашағы жарқын болуыр армандадық, осы мақсатта алға жүреміз", - деді Дональд Трамп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети