26 ақпан 2014 | 10:52

АҚШ Украинаның бірлігін сақтауды қалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дженнифер Псаки. ©Dispatchnewsdesk.com Дженнифер Псаки. ©Dispatchnewsdesk.com

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Дженнифер Псаки Америка әкімшілігі Украинаның тұтастығын сақтауды қолдайды деп мәлімдеді. Бұл туралы "Газета.Ru" жазады. "АҚШ Украина біртұтас әрі тәуелсіз мемлекет болып қалғанын қалайды. Елдің бөлінуі украин халқы үшін де, АҚШ, Ресей мен Еуропа үшін де жақсылыққа апармайды. Украина бірыңғай болып қалуы тиіс", - делінген ведомствоның сайтындағы хабарламада. Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Украина өз келешегін анықтай отырып, АҚШ пен Ресейдің екеуінің біреуін таңдауды ойламауы керек, ал Вашингтон Мәскеумен жағдайды реттеу бойынша жұмыс істеуге дайын" деп мәлімдеген болатын. "Бұл Батыстың Шығысқа қарсы тұруы емес. Ондай жағдай болмауы керек. Бұл Ресей не АҚШ емес. Мәселе украин халқының өз келешегін өзі таңдауында. Біз ахуалдың бейбіт түрде дамуын қамтамасыз ету үшін Ресеймен, басқа елдермен, бәрімен бірге жұмыс істеуді қалаймыз, өйткені Майдандағы қорқынышты зорлық-зомбылық әлемді шошытты", - делінген Керридің "РИА Новости" дәйек келтірген сөзінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети