12 мамыр 2022 09:19

Al-Jazeera журналисі басына оқ тиіп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Al-Jazeera телеарнасының тілшісі Ширин Абу Акле Иордан өзенінің батыс жағалаудағы Джениндегі босқындар лагерінде израильдік әскерилер мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс туралы жаңалық дайындап жүргенде қайтыс болды. Телеарна ресми мәлімдемесіне сәйкес, журналисті израильдік полицейлер атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


Al-Jazeera телеарнасының тілшісі Ширин Абу Акле Иордан өзенінің батыс жағалаудағы Джениндегі босқындар лагерінде израильдік әскерилер мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс туралы жаңалық дайындап жүргенде қайтыс болды. Телеарна ресми мәлімдемесіне сәйкес, журналисті израильдік полицейлер атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, журналист басына оқ тиіп, қайтыс болған. Телеарна өкілдері атыс кезінде оның үстінде "баспасөз" деген жазуы бар көкірекше және каска болғанын айтты.

Кейінірек Акленің өлімін Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі растады. ВАФА агенттігі Палестина басшылығы Израиль әскерін оны өлтіргені үшін айыптағанын хабарлады.

Премьер-министр Нафтали Беннет Израиль палестиналықтарды бірлескен тергеуге шақырғанын, бірақ олар бас тартқанын айтты.

Израильдің сыртқы істер министрі Яир Лапид журналистер ұрыс алаңында қорғалуы керек деді. "Біз шындыққа жетуіміз керек", - деді Лапид.

Сонымен бірге ол Израильдің қауіпсіздік күштері "лаңкестік пен израильдіктердің өліміне жол бермеу үшін барлық жерде әрекет етуді жалғастырады" деп қосты.

Халықаралық қоғамдастықтың реакциясы

Al-Jazeera журналисінің өлімін Франция, ЕО, АҚШ, БҰҰ тергеуге шақырды.

"Франция бұл қайғылы жағдайдың мән-жайына назар аудару үшін мүмкіндігінше тезірек ашық тергеуді бастауды талап етеді", - деді Франция СІМ өкілі сәрсенбіде өткен брифингте.

БҰҰ-ның арнайы үйлестірушісі Тор Веннесланд "тілшіні өлтіруге жауапты барлық адамдарды дереу жан-жақты тергеуге және жауапқа тартуға" шақырды.

Сондай-ақ, тілшінің өліміне Иран, Ауғанстан билігі пікір білдірді.

Тәліптердің мәлімдемесінде (Қазақстанда "Талибан" ұйымына тыйым салынған) қастандық әдейі жасалған деген пікір айтылады. 

"Сөз бостандығына шабуыл жасай отырып, Израиль әлемнен палестиналықтарды қудалап жатқанын жасыруға тырысады", - деп жазды "Талибан" үкіметіндегі СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети