1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 74 мыңға жетті

© REUTERS © REUTERS

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 74 мыңға жетті. Олар басым көпшілігі - Еуропа тұрғындары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 1,3 миллион. 

Коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны бойынша бірінші орында Италия - 13,1 мың адам, артынша АҚШ - 10,3 мың адам, Франция - 8,9 мың адам және Ұлыбритания - 5,3 мың адам. 

The Guardian мәліметінше, соңғы кездері Еуропа елдеріндегі статистика "үміттендіретін" көрсеткіш. 

Италияда қарқынды терапия палаталарында емдеуді қажет ететін коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар саны қатарынан үшінші күн төмендеген. Қазір мұндай палаталарда 3 898 адам бар. Соңғы күні Италияда 1941 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы елде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 93 187. Оның 22 837-сі жазылып шықты. 

Ал Ұлыбританиядағы жағдай мәз емес: бір күнде коронавирус жұқтырған 3802 адам анықталды. Соңғы мәлімет бойынша, жалпы 51 608 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сонымен қатар, 439 адам қайтыс болды. Соңғы үш күнде науқастан жазылып кеткендер тіркелмеген. Ұлыбритания бойынша айығып кеткендердің жалпы саны - 135. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!