15 шілде 2021 09:56

Әлем коронавирустың үшінші толқыны қарсаңында тұр - ДДСҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус сәрсенбіде өткен ДДСҰ-ның COVID-19 жағдайын бағалау жөніндегі төтенше комитетінің отырысында мәлімдеді. Бұл жаңа "дельта" штамының тарауына байланысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тедростың айтуынша, "дельта" штамы адамдардың әлеуметтік ара-қатынасы мен қозғалысының артуына, сондай-ақ дәлелденген әлеуметтік және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын дәйексіз қолдануға байланысты тарап жатыр.

Оның айтуынша, Еуропа мен Солтүстік Америкада вакцинация деңгейінің өсуі жемісін бере бастады және ауыр жағдайдағы науқастар мен өлім дерегінің төмендеуі байқалған. Алайда жағдай қайта шиеленісті және әлем "үшінші толқын қарсаңында" тұр.

"Әлемде COVID-19 инфекциясының көрсеткіші өскеніне төртінші апта болды. Өлім деңгейі де өсіп барады. Бұған дейін 10 апта тұрақты төмендеп келе жатқан еді", - деді ДДСҰ бас директоры.

ДДСҰ төтенше комитеті COVID-19 таралу қаупінің деңгейін бағалау үшін үш айда бір рет жиналады. Қазіргі уақытта, комитет шешіміне сәйкес, ауру халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай саналады.

Комитет 15 шілдедегі отырыстың қорытындысы бойынша ДДСҰ-ға жаңартылған ұсыныс ұсынады деп күтіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда тәуліктік өсімі көбейді. Осыған байланысты еліміздің төрт өңірінде карантин күшейтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети