Әлемдегі ең қатігез президент болып танылған Дутерте Трамптың "өтінішімен" ән салды

13 Қараша 2017, 13:07
0
Әлемдегі ең қатігез президент болып танылған Дутерте Трамптың "өтінішімен" ән салды -

Филиппин президенті Родриго Дутерте АҚШ президенті Дональд Трамптың өтінішімен АСЕАН 31-ші саммитінің гала кешкі асында ән салды, - деп хабарлайды РИА Новости

Филиппин көшбасшысы сахнаға шығып, Пилита Корралеспен бірге ән салды. Осыған дейін Дутерте ешқашанда "сұрқия" Амеркиға бармайтынын мәлімдеген еді.

"Ханымдар мен мырзалар! Мен Құрама Штаттарының бас қолбасшысының өтінішімен ән салдым", - деп мысқылдаған Дутерте өз өнерін паш етті. 

 АСЕАН саммиті Филиппин астанасы Манилада өтіп жатыр. 31-ші саммит 10 қарашада басталды, алайда негізгі шара 13-14 қарашада өтеді. Осы саммитке 20-дан аса елдің көшбасшылары және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш қатысып жатыр.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай