28 тамыз 2020 17:01

Әлемдегі ең қымбат қой Шотландиядағы аукционда сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: dailymail.co.uk Сурет: dailymail.co.uk

Шотландияда өткен аукционда тексель қойы рекорд сомаға сатылды- деп хабарлайды Daily Mail.


Шотландияда өткен аукционда тексель қойы рекорд сомаға сатылды- деп хабарлайды Daily Mail.

Алты айлық қозының аты - Double Diamond ("Қос алмаз"), тұқымы - тексель. Бұл қойдың тұқымы кең таралған, оны британиялық фермерлер еті мен жұмсақ жүні үшін және күтімі оңай болғандықтан бағалайды. Ұлыбританияда бұл қозының орташа бағасы шамамен 100 фунт (55 600 теңге). Алайда көбейту үшін қолданылатын жоғары сапалы қошқарлар әлдеқайда қымбат тұрады.

Double Diamond. Сурет: Farming UK.

Ақпарат бойынша, Double Diamond үшін бастапқы баға 10 500 фунт (5,8 миллион теңге) болған. Нәтижесінде лот 365 000 фунтқа (шамамен 203 миллион теңге) сатылды.

2009 жылы сегіз айлық тексель қозысы 231 000 фунтқа (128 миллион теңге) сатылған. Ал 2014 жылы сол тұқымның сегіз айлық қошқарын 152 000 фунтқа (84,5 миллион теңге) берліді.

Бұған дейін қазақстандық селекционерлер өсіріп жатқан алып қойлар туралы хабарланған болатын. Әйгілі еділбай тұқымының бұл қойлары 100-ден 150 келіге дейін тартады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети