Алтай Республикасында Вита есімді қар барысы мен оның екі баласы браконьерлер қойған қақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Ресей мен Сібірдегі барыстарды зерттеумен айналысатын Алтай қорығының ғылыми қызметкері Сергей Спицын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вита есімді ілбістің ұрғашысы Аргут алқабында балаларымен бірге фотоқақпанға түсіп қалған алғашқы барыс екен. "Балалары алты айлық болған. Оқиға олар суретке түсіп қалғаннан кейін болған. Ілбістің балалары браконьерлер қойған қақпанға түсіп қалады. Вита балаларын құтқаруға тырысқан, дегенмен ол күйзелістен балаларын жеп қойды. Осыдан кейін өзі де бұғыларға қойылған қақпанға түсіп өлді", - деді сарапшы.
Ол Алтай қорығының қызметкерлері браконьерлер қойған қақпандарды үнемі алып тастап жүретінін, дегенмен кейде барлығын бірдей таба алмайтынын айтты. Вита алғаш рет 2012 жылы Аргут алқабындағы өзеннің аңғарында суретке түсіп қалған екен. Оған Алтайдағы қар барыстарын бақылау тобының мүшесі, қайғылы жағдайда қаза тапқан Виктор Самойловтың есімі беріліпті.