29 мамыр 2018 08:32

Америкалық әйел алты рет түсік тастап, 65 келіге арықтап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны Хэйли Фрейзер алты рет түсік тастағаннан кейін, 65 келіге арықтаған. Ол өзінің оқиғасын The Mirror басылымына айтып берді. 


АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны Хэйли Фрейзер алты рет түсік тастағаннан кейін, 65 келіге арықтаған. Ол өзінің оқиғасын The Mirror басылымына айтып берді. 

Америкалық әйел бірнеше ай бұрын 136 келі болғанын айтады. Бала көтере алмайтынын білген 25 жастағы қыз арықтауға бел шешкен. Себебі ол үш жыл ішінде алты рет түсік тастаған. Дәрігерлер мұны артық салмақпен байланыстырған. 

Фрейзердің асқазан мөлшерін кішірейту үшін ота жасалған. Ол өздігінен арықтауға шамасы болмаған. Отадан кейін ол диетаға отырып, жаттығу залына барған. 

Екі ай бұрын қыз жүкті екенін білген. Отбасылық жұп биыл желтоқсанда екінші баласының өмірге келуін күтіп отыр. "Күйеуім ееуіміз бұрыннан үлкен отбасын құруды қаладық, мен үшін артық салмақтан арылуға осы басты мотивация болды", - дейді Хэйли Фрейзер 

Фрейзер мектеп кезінде артық салмағы үшін басқа оқушылардың мазағына әрдайым ілігетін болған.

"Мен ашуланған, қорыққан тамақты көп жейтінмін және бірнеше күн бойы тамақ ішпей қоятынмын", - дейді ол. Осыдан кейін америкалық әйелді сән журналдары түсірілім үшін шақыратын болған, қыздың айтуынша, өзінде сенімділік пайда болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети