27 шілде 2020 17:52

Англияда 16 адам бір итті құтқарды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англияда арнайы операция барысында 16 адам сенбернар итін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Англияда арнайы операция барысында 16 адам сенбернар итін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Уаздейл қауымының құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға бұл оқиға туралы полиция хабарлаған. Тәртіп сақшыларынан иттің иесі көмек сұрапты. 

Скофелл-Пайк тауынан түскен кезде сенбернар итінің табаны ауырып, ол жүре алмаған. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, итке ауырғанды сездірмейтін екпе салған. Кейін олар салмағы 55 келі болатын сенбернарды төменге түсіруге дайындықты бастапты.

"Бізге адам өмірін ғана емес, төрт аяқты досымыздың да өмірін аман сақтап қалу маңызды", - дейді жергілікті құтқару қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, итті таудан төмен түсірген кезде ол өзін жақсы сезінген. Ит үйіне жеткен соң жазылып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети