13 қазан 2021 10:30

Apple акциялары iPhone 13 чиптерінің жетіспеушілігі туралы хабардан кейін құлдырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Apple акциялары iPhone 13 шығарылымының қысқаруы туралы хабардан кейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Apple акциялары iPhone 13 шығарылымының қысқаруы туралы хабардан кейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөздерге сүйенсек, компания осы жылдың соңына дейін 90 миллион жаңа iPhone модельдерін шығаруы керек болған. Алайда қазір Apple өз серіктестеріне олардың жалпы саны 10 миллионға аз болатынын хабарлады, өйткені чипті жеткізушілер, соның ішінде Broadcom Inc. және Texas Instruments Inc. компоненттердің қажетті санын жеткізуде проблемалар бар.

Осыған байланысты Apple акциялары сауда-саттық кезінде 1,2 пайызға, ал Texas Instruments және Broadcom акциялары шамамен 1 пайызға төмендеді.

Айта кетейік, чиптердің жаһандық жетіспеушілігі бір жылдан астам уақыт бойы көптеген техника мен автомобиль өндірушілері үшін маңызды мәселе болып отыр.

Бұған дейін Apple күзгі презентацияда өзінің гаджеттерінің жаңа модельдерін жариялады және жаңа iPhone 13 смартфонын көрсетті. 

Еске салайық, бүгіннен бастап жаңа тауарларға алдын ала тапсырыс беруге болады, ал сатылым 15 қазанда басталады. Алғашқы сатып алушылар өздері үшін қолайлы бөліп төлеу және сауда қызметін пайдалану, яғни ескі құрылғыны жаңасына айырбастау шарттарын пайдалана алады. 

15-17 қазан аралығында iPhone 12-ге айырбастап, қалғанын бөліп төлеп, айына 11 250 теңгеге жаңа iPhone 13 сатып алуға болады. Бірақ асығу керек, өйткені тауар саны шектеулі.

Мұндай шарттарды iPoint, Technodom, Sulpak, Mechta, Evrika, Fora секілді тек ресми сатушылар ғана ұсынатынын атап өту керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети