24 қаңтар 2022 09:59

Армения президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кетті. Оның мәлімдемесі мемлекет басшысының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кетті. Оның мәлімдемесі мемлекет басшысының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саркисянның айтуынша, оның отставкаға кетуі ішкі және сыртқы саясатқа әсер ететін құралдары жоқтығына байланысты.

"Ұзақ ойланып, шамамен төрт жыл белсенді жұмыс істегеннен кейін президент қызметінен кетемін деп шештім. Бұл - сезімге берілгеннен қабылданған шешім емес, қисыны бар шешім. Президенттің ел мен ұлт үшін күрделі кезеңде ішкі және сыртқы саясаттың радикалды процесіне ықпал етерліктей құралдары жоқ.

Мемлекетіміз үшін ұлттық бірлік қажет осы күрделі кезеңде президент институты өсек пен қастандық теорияларының нысанына айналмауы керек. Бұл қоғам назарын маңызды мәселелерден алшақтатады", - делінген мемлекет басшысының сайтында жарияланған Саркисян мәлімдемесінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети