02 наурыз 2018 15:19

Армения президенті сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армен Саркисян © Lragir.am Армен Саркисян © Lragir.am

Арменияның ұлттық жиналысы жұма күні жаңа президентін тағайындады, - деп хабарлайды РИА Нововсти. Биліктегі Республикалық партия өкілі Армен Саркасян елдің төртінші президенті болып отыр. 


Арменияның ұлттық жиналысы жұма күні жаңа президентін тағайындады, - деп хабарлайды РИА Нововсти. Биліктегі Республикалық партия өкілі Армен Саркасян елдің төртінші президенті болып отыр. 

"Саркасянға 90 депутат дауыс берді, қарсы шыққандар - 10. Осылайша, ол Армения президенті болып тағайындалды", - дейді есеп комиссиясының басшысы Гагик Меликян, Жалпы дауыс бергендер саны 101 болған, алайда, бір бюллетень жарамсыз деп танылды. 

Бұрынғы президент Серж Саргсянның мерзімі аяқталғаннан кейін Арменияда жаңа конституция күшіне енді. Жаңа конституция бойынша, билік парламент пен үкімет қолында болады, ал парламент тағайындайтын президент билігі өкілеттік қана болады. 

Саркасян жалғыз үміткер болды. Биліктегі коалиция фракцияларының - Арменияның Республикалық партиясы және "Дашнакцутюн" Армян революциялық федерация - 65 депутаты оны қолдаған. 

Президентті тағайындауға 105 депутаттың 79-ы дауыс бергені жеткілікті болатын еді. 65 мандат тиесілі биліктегі коалициялық фракциядан бөлек үміткерге оппозициялық фракция да дауыс берді. Оппозициялық "Царукян" қатарында 31 депутат бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети