21 сәуір 2021 15:16

Арменияның оңтүстігінде Пашинянның келуіне байланысты наразылық шарасы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: yerevan.today/видеодан алынған Фото: yerevan.today/видеодан алынған

Арменияның оңтүстігіндегі Мегри қаласында премьер-министр Никол Пашинянның келуіне байланысты наразылық акциялары өтіп жатыр. Акцияға қатысушылар оның кортежі өтетін көшелерді жауып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Арменияның оңтүстігіндегі Мегри қаласында премьер-министр Никол Пашинянның келуіне байланысты наразылық акциялары өтіп жатыр. Акцияға қатысушылар оның кортежі өтетін көшелерді жауып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметі бойынша, para.tv онлайн-порталы наразылық білдірушілер премьер-министрді сатқындық жасады деп айыптаған ұрандар айтқан. Жиналғандарды ұстауға тырысқан полициейлермен жиі қақтығыс та болып жатыр. 

Sputnik Армения порталы мәліметіне сүйенсек, Пашинян қала ішімен өтуге тырысқан. Бірақ оны жүзден аса адам қоршап, түрлі айыптау айтқан. Премьер-министр көлігіне отырып, Мегриден кетуге мәжбүр болды.

Сонымен қатар, басылым Пашинянның жақтастары да көшеге шыққанын жазды. Қақтығыс барысында Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Саркис Ованнисянның сырт киімін жыртып тастаған.

Бұған дейін Армения Қорғаныс министрлігі ресейлік шекарашылар Сюник облысындағы жолдың проблемалық учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін хабарлаған болатын. Баку мен Ереван уақытша ұрыс позициясын орналастыруды нақтылаған еді. 

Өткен аптада премьер-министр Ресейге қатысты сөз сөйлеген. Пашинян Қарабахтағы статус-кво Ресейге пайдалы болғанын және сол үшін сақталып келгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети