Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әскерилер Таиландта конституцияны жойып Интернетке цензура енгізді

23 Мамыр 2014, 09:35
0

"Таиландта әскери Үкімет 2007 жылғы конституцияның күшін біржолата жойып, Интернетке цензура енгізді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Әскери Үкімет өкілдерінің ұлтқа жолдаған үндеуінде "елдегі 2007 жылғы конституцияның күші біржолата толықтай жойылды, уақытша Үкіметтің құзіреті тоқтатылды. Сенат бұрынғы құраммен жұмыс істейтін болады, барлық деңгейдегі соттар әрекет етеді, конституция бойынша құрылған тәуелсіз ұйымдар жұмысын жалғастыра береді" делінген.

Сонымен қатар бұйрықта, "Интернетте айтылған, даудың ушығуына ықпал ететін және жеккөрушілікті қоздыратын кез келген сөз, сондай-ақ билікке қарсы шығуға үндеуге бағытталған әңгімелер мен хабарламалар үшін абонент желіден шұғыл ажыратылады және әскери жағдай заңы бойынша қылмыстық жазаға тартылатын болады" делінген.

Естеріңізге сала кетсек, билікке қарсы акциялардың толастамауына орай, 20 мамырда Таиланд елінде әскер жағдай жарияланған болатын. Әскерилердің айтуынша, әскери жағдай бұл билікті төңкеру емес, ол елде бейбітшілік пен тәртіп орнату үшін жарияланған.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Таиландтағы қазақстандық туристерге сақ болуды және халық көп жиналған жерлерден аулақ жүруді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз орындауды ескертеді.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай