04 сәуір 2017 21:36

Астраханда полицейлерді өлтіруге қатысты іздеуге жарияланған Қазақстан тумасы Атыраудан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РЕН ТВ ©РЕН ТВ

Астраханда полицейлерді өлтіруге қатысты іздеуде жүрген Қазақстан тумасы Атырауда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астраханда полицейлерді өлтіруге қатысты іздеуде жүрген Қазақстан тумасы Атырауда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел шаралар кезінде іздеуге жарияланғандардың бірі Ғизатов Әлібек Батырбекұлы (Қазақстан тумасы, 1990 жылы туған) Атырау облысынан табылды. Ғизатов республика аумағына 31 наурызда кәсіпорындардың біріне вахталық әдіспен жұмысқа келген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның қарулы шабуылға қатысы жоқ", - делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде ер адамның қылмысқа қатысы барын анықтау мақсатында Гизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылып жатыр. 

Еске салайық, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Тергеушілер бұл шабуылға қатысы бар сегіз адамның тұлғасын анықтаған. Олардың екеуі Қазақстан тумалары екені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети