21 қыркүйек 2016 12:24

Атамбаев Измир түбіндегі қонақүйде жатыр - түркиялық БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Vladimir Pirogov © REUTERS/Vladimir Pirogov

Қрғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Измирге ұшып келді және қонақүйде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz түриялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 


Қрғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Измирге ұшып келді және қонақүйде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz түриялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Жалғасы

HaberTurk мәліметі бойынша, Қырғызстан басшысы кешкі рейспен стамбұлдық Ататүрк әуежайынан Измирге ұшып барған. Ұшақ Аднан Мендерс атындағы әуе айлағына қонды, - деп хабарлайды Yeniburca сайты.

"Атамбаевты дәрігерлер қарады. Ол Чешме қаласында Sheraton қонақүйіне тоқтаған. Қонақүйдің жанында дәрігерлер бригадасы кезекшілікте отыр", - делінген басылымның хабарламасында. Сонымен қатар емханаға жатқызылатыны туралы айтылмайды.

Сонымен қатар Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіндегілер Атамбаевтың денсаулығының нашарлауына байланысты қысқамерзімді демалыс алғанын айтады. Атамбаевтың демалысы 1 қазанға дейін созылуы мүмкін. 

Айта кетейік, 2016 жылдың 17 қыркүйегінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 60 жылдық мерей тойын атап өткен болатын. 

Еске салайық, Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан президентінің денсаулығы сыр берген болатын. Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткен. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады. Осыған дейін Қырғызстан мемлекет басшысы Эгей жағалауындағы емханаға жатқызылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети