13 наурыз 2017 10:23

Атамбаевтың кенже қызының тойы түсірілген видео Желіде пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/stos2408 © youtube.com/stos2408

YouTube видеохостингінде Қырғызстан президентінің 19 жастағы қызы Әлия Шагиева мен Константин Рязановтың тойынан видео үзінді пайда болды.


YouTube видеохостингінде Қырғызстан президентінің 19 жастағы қызы Әлия Шагиева мен Константин Рязановтың тойынан видео үзінді пайда болды.

Ролик авторы - өзін "үнсіз куәгер" атаған Владимир Цай. Видеоға неке қию рәсімі түсірілген. 

Еске салайық, қырғыз президентінің кенже қызы 2016 жылдың 27 тамызында тұрмыс құрды. Той Бішкектегі Skyhall мейрамханасының ашық төбесінде өтті. Тойға бар-жоғы 30 адам жиналғанын айта кету керек.  


Әлия Шагиева мен Константин Рязанов © instagram.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қызы мен күйеу баласын құттықтап жатыр © instagram

Константин Рязанов 1992 жылы Бішкекте туған, бағдарламалау саласында қызмет атқарады және көпшілік алдында салтанатпен жүруді ұнатпайды екен. Ол Әлиямен төрт жыл бұрын Ғаламтор арқылы танысқан. Сол уақытта өзі 20 жаста, ал Әлия небәрі 15 жаста болған.

Kabarlar.org мәліметі бойынша, Әлия мен Константиннің тойы Қырғызстан жұртшылығына екіұдайы әсер етті. Бірі Әлияны құттықтап пікір қалдырса, енді біреулер жары қырғыз ұлтынан болмағаны үшін сынаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети