11 наурыз 2021 10:19

Ауған оқушы қыздарына қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салынды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Ауғанстанның Білім министрлігі 12 жастан асқан оқушы қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 


Ауғанстанның Білім министрлігі 12 жастан асқан оқушы қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Мұндай тыйым әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық тудырды, олардың көбі бұл "Талибан" саясатына ұқсайтынын мәлімдеді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, мұндай хабарлар "Талибан" Ауғанстандағы билікті қалпына келтіре ме деген қоқыныштан жазылып жатыр, өйткені топ АҚШ-пен бейбіт келісім туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

"12 жастан асқан мектеп оқушы қыздар тек 100 пайыз әйелдер қатысатын іс-шараларда ән айта алады", - делінген шешімде, оны Ariana News телеарнасы Twitter-де жариялада.

Білім министрлігінің өкілі ақпаратты растап, шешім елдің барлық провинциясына қатысты екенін айтты. Баспасөз хатшы Наджиба Арианның бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан видеохабарламада бұл шешім оқушылар мен ата-аналардың ұсынысынан кейін қабылданғанын айтты.

Жергілікті Kabul now жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, ер мұғалімдерге оқушы қыздарды оқытуға тыйым салынады. Бұл тыйымның орындалуына мектеп директорлары жауапты болады.

"Біздің елде бұл заң жобасы қабылданса, талибтердің құндылықтарына еліктеу деген сөз", - деп жазды журналист Ручи Кумар Twitter-де.

Twitter-дің кейбір қолданушысы жас қыздардың билеп, ән айтып жатқан ескі суреттері мен кадрларын бөлісу арқылы тыйымға қарсы шықты.

Бұған дейін Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети