31 тамыз 2021 17:19

Ауғанстанда АҚШ әскерінен қалған техника істен шығарылған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ әскері Кабул әуежайында қалған ондаған ұшақ пен брондалған техника, сондай-ақ жоғары технологиялы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін істен шығарып кетті. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) бастығы генерал Кеннет Маккензи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.


АҚШ әскері Кабул әуежайында қалған ондаған ұшақ пен брондалған техника, сондай-ақ жоғары технологиялы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін істен шығарып кетті. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) бастығы генерал Кеннет Маккензи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құны бір миллион долларға жететін MRAP минаға қарсы қорғанысы бар 70 бронды техника, 27 әскери джип, 73 ұшақ және басқа да техника жарамсыз күйде Ауғанстанда қалған.

"Біз бұл жүйелерді залалсыздандырдық: олар енді ешқашан қолданылмайды. Адамдарды шығару, біз үшін техниканы қайтарудан маңызды болды", - дейді әскерилер.

Әуежайда орнатылған зымыран мен миномет қондырғылары соңғы рет қосылып, ең соңғы сәтте - 30 тамызда істен шығарылған.

Трамп Ауғанстанда қалған техниканы қайтаруға шақырды. Американың бұрынғы басшысының айтуынша, егер содырлар техниканы қайтарудан бас тартса, онда Вашингтон "әскери күшпен келіп, оны алуы керек".

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары "Талибан" қозғалысының (Жоғарғы сот шешімі бойынша қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі әскери әлеуетін бағалағаны хабарланған болатын.

АҚШ барлау қызметінің алдын ала есептеулері бойынша, тәліптерге 2000 брондалған көлік, армияның жолталғамайтын HMMWV көліктері және UH-60 Black Hawks тікұшақтары мен ScanEagle дрондарын қоса алғанда 40 ұшаққа дейін техника қалған.

АҚШ әскерилері мен шенеуніктерінің айтуынша, "Талибан" қозғалысы үкімет күштерінің негізгі арсеналын басып алып, әлемдегі ең қуатты террористік топқа және Орталық Азиядағы ең қуатты әскери күштердің біріне айналған.

Reuters агенттігі мәліметінше, атыс қаруы, гранатомет пен миномет саны жүз мыңнан асады. Бір кездері Америка Құрама Штаттары ауған армиясына кемінде 600 мың жаяу әскер қаруын, 162 мың байланыс құралдары мен 16 мыңға жуық түнде көру құралдарын жеткізгені хабарланды. "Талибан" қозғалысы өкілдері мұның бәрін әлеуметтік желілерде белсенді түрде көрсетті.

АҚШ үкіметінің есеп беру басқармасы (GAO) мәліметінше, 2002-2017 жылдар аралығында АҚШ Ауғанстан әскерилеріне қару-жарақ, соның ішінде артиллерия, зымырандар, түнде көруге арналған көзілдірік, тіпті шағын ұшқышсыз ұшу аппараттары үшін 28 миллиард долларға жуық қаражат бөлген. Америкалық Black Hawk тікұшақтары Ауғанстан әскерінің тәліптерге қарсы ең күшті қаруы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети