13 мамыр 2014 12:13

Ауғанстанда есірткі көлемі 16 мың гектарға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет animalworld.com.ua сайтынан алынған Сурет animalworld.com.ua сайтынан алынған

"Соңғы бес жылда Ауғанстандағы есірткі егістігінің көлемі 16 мың гектарға артқан. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді, алайда ол Ауғанстаннан шығатын есірткінің Қазақстан арқылы қаншасы өтетінін нақты айта алмады" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Соңғы бес жылда Ауғанстандағы есірткі егістігінің көлемі 16 мың гектарға артқан. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді, алайда ол Ауғанстаннан шығатын есірткінің Қазақстан арқылы қаншасы өтетінін нақты айта алмады" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл бағыт (солтүстік транзиттік бағыт) арқылы қанша есірткі тасымалданатыны жайлы нақты айта алмаймын. Өйткені бұл қылмыстық әрекеттің құпиялылығы өте жақсы жолға қойылған. Соңғы бес жылда Ауған жеріндегі есірткі егістігі көлемінің 193 мың гектардан 209 мыңға артуы бұл мәселенің жеңіл шешіле қоймайтынын, біздің бұл процеске белсенді араласуымызды талап ететінін көрсетіп отыр" деді Меркель.

Оның айтуына қарағанда, БҰҰ мәліметі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын Ауған есірткісін тасымалдайтын транзиттік дәліз ретінде пайдалану жылдан-жылға күшейіп келеді. Бұған жермен, әуемен қатынайтын транспорттық қатынастың қарқынды дамуы мүмкіндік тудырып отыр. Сондай-ақ, оның айтуынша, есірткі тасымалының тәсілі де әртүрлі: Көлікке жасыру, қол жүгімен алып өту, тіпті адам ағзасын пайдалану. Соңғысы ең кең тараған тәсіл болып табылады. 

Бірінші орынбасардың мәліметінше, ресми дерек бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда есірткі тасымалдау қылмысы 12 пайызға артқан.

"Ресейлік әріптестерімнің "ауғандық есірткі өндірісі әлем бойынша күн тәртібінде өзекті мәселе болып тұр" деген пікірімен келісемін. Қазір әлемдік қауымдастық Ауған мәселесін шешуге қауқарсыз болып тұр. Біз Қазақстан арқылы есірткі тасымалдауды қиындатып, тиімсіз етіп, уақыт өте мүлде жоюымыз керек" дейді Иоган Меркель.

Сондай-ақ ол "солтүстік бағыт" бойында орналасқан барлық елдердің транзиттік дәлізді жоюға белсенді атсалысуы керек екенін атап өтті.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети