15 желтоқсан 2016 14:46

Әзірбайжанда Каспий теңізіне эстакада құлап, 10 мұнайшы іс-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1news.az © 1news.az

Каспий теңізінде № 3 мұнай жинау пунктінде 150 метрлік эстакаданың бөлігі құлап, 10 адам іс-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясына (ГНКАР, SOCAR) сілтеме жасап.

"15 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:00-де (Астана уақытымен 07:00) қатты желдің әсерінен - 41 метр секундына теңізге № 3 мұнай жинау пунктінде 150 метрлік эстакаданың бөлігі құлаған. Оқиғаның салдарынан 10 адам іс-түссіз жоғалып кетті", - дейді SOCAR.

Компания өкілдерінің айтуынша, жоғалып кеткен мұнайшылардың есімдері белгілі болды. "Қазіргі уақытта іс-түссіз жоғалғандар қатарында Зульфугаров Гюльоглан - машинист, Зульфугаров Азай - оператор, Гурбанов Видади - оператор, Гасанов Эльчин - механик, Гаджиалиев Гасанага - оператор, Гафаров Ильхам - оператор, Асадов Самир - оператор, Бахрамов Джавид - оператор, Аббасов Рамиз - машинист и Рустамов Горхмаз - оператор", - деді SOCAR.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети