23 қараша 2020 14:31

БАҚ Байденнің жаңа тағайындаулары туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алдын ала мәліметтер бойынша АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мемлекеттік хатшы постына өзінің 58 жастағы кеңесшісі Тони Блинкенді тағайындайды. Бұл туралы New York Times газеті жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Алдын ала мәліметтер бойынша АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мемлекеттік хатшы постына өзінің 58 жастағы кеңесшісі Тони Блинкенді тағайындайды. Бұл туралы New York Times газеті жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Hill газеті Байденнің мемлекеттік хатшы қызметіне кімді тағайындайтынын хабарлап, бұл лауазымға Блинкен отыруы мүмкін екені жазылды.

Джо Байден, Энтони Блинкен, Сьюзан Райс және Джон Керри / REUTERS

ABC News телеарнасы және Блумберг агенттігі де Блинкеннің мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпаратты жариялады. Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, Хиллари Клинтонның бұрынғы көмекшілерінің бірі Джейк Салливан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болады.

БАҚ жаңа тағайындаулар туралы сейсенбі күні жарияланатынын хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Байденнің көмекшісі Рон Клайн Ақ үйдің аппарат басшысы болып тағайындалуы мүмкін. Бұған дейін ол кабинеттің бірінші мүшелері туралы тағайындау сейсенбі күні жарияланатынын мәлімдеген.

Рон Клайн және Джо Байден / REUTERS

Ал Блинкен бұрын мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары болған. Сондай-ақ мемлекеттік хатшы лауазымына кандидат ретінде сенаторлар Крис Кус пен Крис Мерфи, мемлекеттік хатшының бұрынғы бірінші орынбасары және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Уильям Бернс, сондай-ақ президент Барак Обаманың қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети