08 қазан 2020 10:28

БАҚ Трамптың коронавирустан емделуіне қанша қаражат кеткенін есептеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус инфекциясынан емделуіне қанша қаражат кеткенін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус инфекциясынан емделуіне қанша қаражат кеткенін есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, Трамп ауруханада үш күн жатқан. Ол түкұшақпен келіп, кеткен. 

"Ол коронавирус тестінен бірнеше рет өтті, оттегі, стероидтар және антиденелермен тәжірибелік ем алды. Президенттен басқаларға бұл америкалық денсаулық сақтау жүйесі бойынша 100 000 доллардан асады", - делінген газетте.

Басылым ауруханаға тікұшақпен барып қайту 40 мың доллар болуы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, Трамптың коронавирус жұқтырғаны туралы 2 қазанда белгілі болды. Сондай-ақ оның жары Мелания Трамптан да COVID-19 анықталған еді. АҚШ президенті 5 қазанда ауруханадан шықты. Артынша дәрігерлер Трампта коронавирус симптомдары жоғын мәлімдеген еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети