02 наурыз 2018 12:58

Бакуде наркологиялық орталықта болған өрттен 30 адам қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бакуде наркологиялық диспансерде болған өрттен 30 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті АПА агенттігі мен Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігі Сот-медициналық сараптама мен патологиялық анатомия қауымдастығына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, өрт 2 наурызда таңғы уақытта республикалық Наркология орталығының ғимаратында болған. Оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қатты желдің салдарынан өрт өршіп, оны тоқтату мүмкін болмады. 

Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 30-дан аса адамның эвакуацияланғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, зардап шеккендер бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети