17 тамыз 2021 10:43

Байден Ауғанстанға қатысты сөзінде Ресей мен Қытай туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдемесінде Ресей мен Қытай туралы да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдемесінде Ресей мен Қытай туралы да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru сілтеме жасап.

Джо Байден Ресей мен Қытай Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға ресурстар мен ақшаны шексіз жіберуін қалайтынын айтты.

"Біздің  стратегиялық қарсыластарымыз - Қытай мен Ресей, АҚШ-тың Ауғанстанды тұрақтандыруы үшін миллиондаған доллар мен ресурстардың жаңа инфузиясынан басқа ештеңе қаламайды", - деді Байден.

Ол АҚШ Ауғанстан тұрғындарына қолдау көрсетуді және зорлық-зомбылық пен тұрақсыздықтың алдын алу үшін аймақтық дипломатияны ілгерілетуді жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, Байден Американың Ауғанстандағы мақсаты ешқашан ауғандықтарға мемлекет құруға көмектесу болмағанын да тілге тиек етті.

"Біз 20 жыл бұрын Ауғанстанға 11 қыркүйек оқиғасын ұйымдастырғандарды табу үшін, "Әл -Каида" Ауғанстанды шабуылдар базасы ретінде пайдалана алмайтынын дәлелдеу үшін келгенбіз. Біз мұны жасадық. Бізде ауғандарға өз мемлекетін құруға көмектесеміз деген мақсат болған емес".

АҚШ президенті егер ауған әскерлері өздері үшін күрескісі келмесе, америкалықтар басқа біреудің соғысында соғысып, өлмеуі керек екенін айтты.

"Біз триллион доллар жұмсадық және оларға өз болашақтарын жасау үшін қажет нәрсенің бәрін бердік, бірақ олардың болашақтары үшін күресе алмаймыз.

Ауғандар өздері үшін өздері қару алғысы келмесе, Америка әскері соғыспайды, соғысуға міндетті емес.

Егер Ауғанстан "Талибанға" қарсы шыға алмаса, оларға АҚШ әскерінің бір жыл, бес жыл немесе жиырма жыл көмектескені түк емес. Америкалық әскерлердің көмегімен басқа елді құру қателік болар еді. Біздің әскер бұл қақтығысқа АҚШ мүддесі үшін қатысып жатқан жоқ".

Сондай-ақ, ол Ауғанстанда болып жатқан жағдайды ұнатпайтынын айтты.

"Бірақ мен өз шешіміме сенімдімін. Біздің басты міндетіміз - эвакуация, одан кейін соғыс біз үшін аяқталады", - деді Америка басшысы.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулдағы президент сарайын басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани ел аумағынан шығып кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул қаласының әуежайына мыңдаған адам келіп, шетел азаматтарын эвакуациялау үшін қонған ұшақтарға ұмтылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети