20 ақпан 2023 16:12

Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/joebiden Фото:instagram.com/joebiden

АҚШ президенті Джо Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі украиналық УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі украиналық УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде Ақ үй басшысының Киевтегі Михайловская алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге түсірілген кадрлары пайда болды.

Америка президентінің Украинаға сапары нағыз тосын оқиға болды. Киевте таңертеңнен бастап орталыққа тосқауыл қойылған.

Бұл - 24 ақпанда қақтығыс басталғаннан берігі Байденнің Киевке бірінші сапары.

Америка президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барған. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, Байден Польшаға сапары барысында ресейліктер мен президент Владимир Путинге жеке үндеу жолдамақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети