05 қаңтар 2021 11:46

Байден Трампты президент міндетін орындамай жатыр деп мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп өз жұмысын атқармай жатыр деп келеке қылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп өз жұмысын атқармай жатыр деп келеке қылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен оған бұл жұмыстың не үшін керегін білмеймін, жұмыс істегісі келмейді", - деді Байден Джорджияда жақтастарының алдында сөйлегенде.

Сондай-ақ ол Трамп коронавируспен күресудің орнына сайлау қорытындысына қатысты "шағымдана беретінін" айтты.

Трамп та Байден секілді Джорджияда дүйсенбіде сайлауалды митинг өткізді. Бұл жерде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша сенаторлық екі округте АҚШ сенатын кім қадағалайтыны шешіледі.

Айта кетейік, Трамп президент сайлауында жеңілгенін мойындамайды. Сайлаушылар дауыс беру қорытындысының ресми деректеріне сүйенсек, Байден штаттардан 306 дауыс, ал Трамп 232 дауыс жинаған. Сайлау нәтижесін 6 қаңтарда конгресс бекітуі керек. Байденнің  инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети