13 наурыз 2015 14:00

"Байқоңырдағы" "Протон" апатына кінәлілерге айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуы. ©РИА Новости "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуы. ©РИА Новости

Ресейдің Тергеу комитеті Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығының бақылаушы шеберіне айып тақты, - деп жазады "Известия". Бұл - 2013 жылы "Байқоңырда" құлап қалған "Протон-М" зымыранын жасап шығарған орталық. 


Ресейдің Тергеу комитеті Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығының бақылаушы шеберіне айып тақты, - деп жазады "Известия". Бұл - 2013 жылы "Байқоңырда" құлап қалған "Протон-М" зымыранын жасап шығарған орталық. 

Тергеу комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағында үш спутнигі бар "Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырауын екі жыл бойы тергеді. 10 наурыз күні Хруничев атындағы орталықтың бақылаушы шебері Диана Гудковаға РФ ҚК 216-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы") алғашқы айып ресми түрде тағылды. Тергеушілердің мәліметінше, ақауға Гудкованың салғырттығы салдарынан жол берілген. Кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бақылаушы шебер болса, өзіне тағылған кінәні мойындамайды, ол зымыранды тапсыру кезінде құралдардың дұрыс орналастырылғанын айтып отыр, қабылдап алу журналына да Гудкова солай жазып берген. Оның айтуынша, бұрын зымыранның сапасын бақылау екі кезеңмен жүргізілген: Хруничев атындағы орталықтан соң әскери қабылдау аталатын рәсім жүргізілетін. Бірақ "Протон-М" құрастырылардан бұрын ол тексеру алып тасталды. 

Іс фигуранттары қатарына Хруничев атындағы орталықтың тағы екі қызметкері де қосылып отыр, олар: құрастырушылар Евгений Прохоров пен Денис Гришин. 

Тергеу зымыранның құлау себебін 1,5 жыл бойы анықтап, кінәлілерді тапқан. Қылмыстық іс шеңберінде бірнеше мемлекеттік сараптама жүргізілді, оның нәтижесінде зымыран апатына бұрыштық жылдамдықтар тетіктерінің дұрыс орналастырылмауы себеп болғаны анықталды. 

Еске салайық, 2014 жылдың 2 шілдесінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан үш "ГЛОНАСС-М" аппараты бар "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған еді. Сөреден көтерілгеннен кейін зымыран бірден ұшу бағытынан ауытқып, ауада бөлшектене бастады да, жарылғаннан кейін сөреден алыс емес жерге барып құлады. Қазақстан тарапы апат салдарынан қоршаған ортаға келген залал көлемі 13 миллиард теңгеден асады деп бағалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети