1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Беларусьте шеруге шыққандар тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалды

© РИА Новости © РИА Новости

Беларусьте рұқсат етілмеген акцияға қатысқан 100-ден аса адам ұсталды. Олар Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлікке Виктор Бабарико мен Валерия Цепкалоны тіркемегендіктен шеруге шыққан, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін елдің Орталық сайлау комиссиясы Президенттігіне бес кандидатты тіркеді, ал екі үміткер тіркеуден өтпеді - Белгазпромбанктің экс-басшысы Бабарико және жоғары технологиялар паркі әкімшілігінің бұрынғы басшысы Цепкало. Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда ОСК шешімімен келіспейтіндерді көшеге наразылық білдіру үшін шығу туралы шақыру келе бастады. Сағат 23.00-де (Нұр-Сұлтан бойынша) наразылық білдірушілерді құқыққорғау органдары ұстай бастады.

Көбіне Минскте - 70 адам ұсталған, сондай-ақ адамдарды ұстау Гомел, Брест, Пружан, Солигорск, Бобруйскте жүргізілген. Ұсталғандардың арасында БАҚ өкілдері де бар. 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Минскіде адамдар бастапқыда Тәуелсіздік даңғылына шығып кеткен, осыған байланысты даңғылдың кейбір аймақтары жабылған. Кейінірек Жеңімпаздар даңғылы жабылды. Рұқсат етілмеген акцияларға қатысушыларды полиция қызметкерлері бақылады, даңғылдың бойымен тәртіп сақшылары шағын автобустары мен автожанармай орындары тұрды.

Сондай-ақ адамдар көп жиналатын Жеңіс алаңының жанында ерекше мақсаттағы милиция жасағымен наразылық білдірушілердің қақтығысып, кейбіреуі ұсталды.

Минскінің әртүрлі ауданында адамдар "ынтымақтастық тізбегінде" тұрды. Адамдардың жиналуына байланысты қала орталығындағы кейбір метро станциялары белгіленген уақыттан бұрын жабылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар

Беларусьтегі сайлау 9 тамызға жоспарланған, қазіргі Мемлекет басшысы Александр Лукашенко алтыншы мерзімге дауысқа түседі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!