27 маусым 2022 14:19

Bloomberg Ресей сыртқы қарызын өтей алмағанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресей 1918 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарызын өтей алмай қалды. Бұл туралы Bloomberg халықаралық телеарнасы мәліметінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей 1918 жылдан бері алғаш рет сыртқы қарызын өтей алмай қалды. Бұл туралы Bloomberg халықаралық телеарнасы мәліметінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 27 маусымға қараған түні Ресейде мемлекеттік облигациялар бойынша мерзімі өткен төлемдердің 100 миллион доллары мөлшерінде пайызын төлеу бойынша жеңілдік кезеңі аяқталған, бұл төлемді өткізіп алған жағдайда дефолт болып саналады.

Bloomberg деректері бойынша, халықаралық рейтинг агенттіктері әдетте жасайтын ресми дефолт туралы мәлімдеме болмайды, бірақ олардың бәрі Ресейдегі қызметін тоқтатты. Сонымен қатар, облигация ұстаушылар да мұндай хабарландыру жасай алады, бірақ олар ақшасын толығымен немесе кем дегенде бір бөлігін қайтару мүмкіндігі қандай екенін бағалауға тырысып жатыр. Кредиторлар дефолтты жариялауы үшін облигация ұстаушылардың төрттен бір бөлігі мұнымен келісуі керек, деп жазады агенттік өкілдері.

Кремль өз кезегінде дефолтты мойындаудан бас тартып, Ресейде кез келген төлемді жабуға қаражат бар, бірақ төлем жасауға мүмкіндік жоқ деп мәлімдеді. Өткен аптада Ресей "елді жасанды дефолтқа ұшыратуға тырысты" деп Батысты айыптап, 40 миллиард доллар көлеміндегі рубльдегі тәуелсіз қарызына қызмет көрсете бастайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, мамырдың аяғында АҚШ-тың Қаржы министрлігі Мәскеуге өзінің сыртқы қарызына қызмет көрсету үшін төлем жасауға мүмкіндік беретін лицензияның күшін жойған болатын. Бұл құжат Батыс инвесторларына ресейлік облигациялар бойынша қарыз төлемдерін алуға мүмкіндік берді. Қолданыстағы лицензияның мерзімі наурызда басталып, 25 мамырда аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети