28 наурыз 2022 08:54

Боррель: Еуропа ресейлік газдан екі жыл ішінде бас тарта алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Еуропа алдағы екі жыл ішінде ресейлік газдан бас тартады. Бұл туралы Еуроодақ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Sky News Arabia-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропа алдағы екі жыл ішінде ресейлік газдан бас тартады. Бұл туралы Еуроодақ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Sky News Arabia-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боррельдің сөзінше, Еуропа ресейлік энергия ресурстарынан бас тартуға емес, газ сатып алу көздерін әртараптандыруға тырысады, себебі Ресей "сенімсіз әріптес" болып көрінеді. Оның айтуынша, мұнда Қиыр Шығыс пен жасыл жобалардың ролі орасан.  

"Бүгінде біз ресейлік газ бен мұнайға қатты тәуелдіміз", - дейді Боррель. 

Еске салайық, 10 наурызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасы Ресейден энергетикалық ресурстарды, оның ішінде мұнай мен газды импорттауға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.

Артынша Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльмен сату туралы шешімін жариялады. 

"Кейбір әріптестерден айырмашылығы, біз сенімді серіктес және жеткізуші ретіндегі беделімізді бағалаймыз. Өзгерістер тек ресейлік рубльге ауыстырылған төлем валютасына ғана әсер етеді", - деген еді Ресей президенті.

Путиннің газды рубльмен сату туралы мәлімдемесін Еуропа елдері қалай қабылдады? 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети