08 ақпан 2014 17:34

Босния-Герцеговинада 200-ден аса адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Associated Press    ақпарат көзінен алынған Сурет Associated Press ақпарат көзінен алынған

"Босния-Герцеговинада демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс орын алып, салдарынан 219 адам жарақат алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru сайтынан сілтеме жасап. Бұған дейін шерушілер Сараеводағы президент сарайын өртеп жіберіп, нәтижесінде 156 адам зардап шеккен еді. Олардың 90-ны полиция қызметкерлері болатын. Сондай-ақ Тузла қаласында да зардап шеккен 23 адамның 12-сі полиция қызметкерлері. Одан да басқа, Зеница қаласында 40 адамның зардап шеккені туралы мәлімет тарады. Агенттіктің хабарлауынша, 7 ақпан күні кешке қарай арнайы жасақ шерушілерді президент сарайынан ығыстырған. Бүгін өрт сөндіру қызметі президент сарайындағы қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Қазір Сараеводағы жағдайға "тұрақты" деп баға беруге болады. Хабарнамадан мәлім болғаны, президен сарайында орналасқан Босния және Герцеговинаның мемлекеттік мұрағаты да залал көрген. Нақтырақ айтқанда, қойманың австро-венгерлік дәуірі мен дүние жүзілік соғысқа қатысты құжаттар сақталған бөлігі шығынға ұшыраған. Босниядағы тәртіпсіздіктердің орын алуына, Тузле қаласындағы бірнеше кәсіпорынның жабылуы себеп болған. Жұмыстан босаған қызметкерлер арадан бірнеше күн өткен соң жергілікті әкімшілікке шабуыл жасады. Бұған дейін РИАНовости ақпарат көзі Сараево мен басқа қалалардағы наразылыққа әлеуметтік-экономикалық жағдайдың және жұмыссыздық пен жемқорлық деңгейінің жоғары болуы мұрындық болғанын айтқан болатын. Кейіннен, шеруге Мостаре, Зенице, Травнике және Сараево секілді Босния-Герцеговинаның басқа қалалары да қосылды. Шерушілер жергілікті билікке тиісті бірнеше көлікті өзенге ағызып жіберген соң Зеница қаласының басшылары қызметінен кетті. Ал Брчкода шерушілер қала мэрін бірнеше сағат кепілдікте ұстап отырған. Полиция шерушілерге қарсы резина оқтар, көзден жас ағызатын және қатты дыбыс шығаратын гранаталар қолданған. Айта кетер жайт, соңғы бірнеше жылда Боснияның экономикасы дағдарыстан шыға алмай келеді. Елдегі жұмыссыздық көрсеткіші 40 пайызға жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети