30 қазан 2017 08:36

Бір топ адам әйелдің киімін киген ер адамды соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kulturologia.ru © kulturologia.ru

Ташкентте жергілікті тұрғындар әйел адамның киімін киген ер адамды соққыға жықты. Осы оқиғаның видеосы Telegram мессенджеріндегі Uzbek MDK арнасында жарияланды. 


Ташкентте жергілікті тұрғындар әйел адамның киімін киген ер адамды соққыға жықты. Осы оқиғаның видеосы Telegram мессенджеріндегі Uzbek MDK арнасында жарияланды. 

Видеодан төбелестің тура жол ортасында болғанын көруге болады. Ер адамды күліп те, айғайлап та ұрып жатыр. 

Осы оқиғаның видеосын көргендер баға бере бастады. Көптеген адамдар наразылық білдіріп жатса, бұзақылардың әрекетін қолдаушылар да табылды.  

"Соңғы кездері тергеусіз соттың видеолары көп... Бұл біздің азаматтардың өркениеттілігінің тым төмендігін көрсетеді". 

"Бұлай болмайды... адамды өзгеше болғаны үшін ұрып-соға беруге болмайды". 

"Ортағасырлық заман, өртеп жібермегеніне рақмет". 

Еске салайық, екі апта бұрын Өзбекстанда базарлардың бірінде ұрлық жасады деп күдікке ілінген әйелді сатушылар өздері жазалаған. Олар әйелді шешіндіріп, ұрып соққан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети