27 қыркүйек 2020 15:15

Бішкекте бейбіт шеру өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: 24.kg Сурет: 24.kg

Бішкекте Қырғызстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін шеру өтіп жатыр. Акция бастамашылары - әлеуметтік желі қолданушылары, - деп хабарлайды 24.kg.


Бішкекте Қырғызстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін шеру өтіп жатыр. Акция бастамашылары - әлеуметтік желі қолданушылары, - деп хабарлайды 24.kg.

Шеруді ұйымдастыру туралы шешім Facebook-те 2019 жылы Мәскеуде өткен іс-шараның видеосы жарияланғаннан кейін қабылданды. Оған Жоғарғы кеңестің депутаттары, оның ішінде Парламенттің жетінші шақырылымына үміткер Марат Аманқұлов қатысқан.

Ол сөзінде: "Отыз жыл бізге қайтып оралу керегін көрсетті. Бостандықта жақсы, ал үйде одан да жақсы" деген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемені Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясының құрамына кіруіне бастама әрекеті ретінде қабылдаған. Ал Марат Аманқұлов осы сөздер дұрыс қолданылмағанын және бұл ұйымдастырылған арандатушылық екенін мәлімдеді.

Қырғызстан тәуелсіздігі үшін шеру теміржол вокзалынан Эркиндик бульвары бойымен "Ақ үйге" қарай жылжып келеді.

"Бостандық пен тәуелсіздік - қырғыз халқының ең құнды нәрсесі. Біз өз бостандығымызды қорғаймыз", - дейді бейбіт шеруді ұйымдастырушылар.

Акцияны 2020 жылы парламенттік сайлауға қатысатын кейбір партия қолдайтыны белгілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети