22 қазан 2015 18:01

Бішкекте лаңкестік жасамақшы болған экстремист ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Арнайы операциялар барысында Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері Бішкек маңынан террорлық акті ұйымдастырмақшы болды делінген халықаралық террорлық ұйымның белді мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арнайы операциялар барысында Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері Бішкек маңынан террорлық акті ұйымдастырмақшы болды делінген халықаралық террорлық ұйымның белді мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде ұсталған ер адамнан жарылғыш заттарды жасайтын құралдар (аммиак селитрасы, сутегі тотығы) мен  ұнтақ тәріздес элемент, жіп, қышқыл құйылған құты, ұялы телефон табылды.


© Tengrinews.kz

Сонымен қатар, жарылғыш заттарды дайындау нұсқаулығы, мемлекеттік мекемелердің сызбалары, экстремистік мазмұндағы кітаптар мен қару-жарақтар тәркіленді. Тергеу кезінде ол Қырғызстанда террорлық акті ұйымдастыру туралы бұйрық алғанын мойындады.


© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған. Айта кетейік, түрмеден қашып, артынша ұсталған бесеудің үшеуі түрмеде қайтыс болды. Ал іздеудегі төртеудің екеуінің көзі ұстау кезінде жойылды, ұсталмаған енді біреуі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети