16 қаңтар 2016 17:17

Буркина-Фасо астанасында лаңкестердің шабуылынан 22 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Буркина-Фасо астанасы Уагадагу қаласының орталығында лаңкестердің жасаған шабуылынан 10 адам қаза тапқан. Қаланың өрт сөндіру қызметі мәйіттерді тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл азаматтар әлемнің 18 елінің өкілдері екен. Қазіргі уақытта 4 содырдың көзі жойылды. Олардың екеуі - әйел адам. Атыс әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, жұма күні белгісіздер кафеге шабуыл жасап, кейін Splendid қонақүйіндегі адамдарды кепілге алған болатын. Бұл қонақүйде батыс елдерінің азаматтары жиі тұрақтайды, оның ішінде БҰҰ қызметкерлері бар. Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері содырлардың жаулап алған қонақүйіне басып кірді. Жергілікті аурухананың басшылығының мәліметінше, кем дегенде 20 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған.

Кепілге алынған 63 адам (ішінде 33-і жарақат алған) қонақүйден эвакуацияланды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мейрамханада атысып жатыр. Ғимарат ішінде жарылыстар естіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети