19 мамыр 2020 11:16

БҰҰ жеті қызметкері коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Біріккен Ұлттар ұйымының жеті қызметкері COVID-19-дан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.


Біріккен Ұлттар ұйымының жеті қызметкері COVID-19-дан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы видеоконференция барысында БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик айтты.

"Бізге БҰҰ жүйесінде 520 қызметкердің коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ-та 147 жағдай тіркелді, оның 78-і Нью-Йоркте. Өлім көрсеткішіне келетін болсақ, өкінішке қарай, олардың саны 7-ге жетті", - деді БҰҰ бас хатшылығының өкілі.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,8 миллионға таяды. Олардың 70 пайызы АҚШ, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Түркия және Иранда тіркелген екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети