26 қаңтар 2021 09:48

БҰҰ коронавирус салдарын кейінгі 100 жылдағы ең ауыр әлемдік дағдарыс деп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: www.un.org Фото: www.un.org

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус пандемиясы салдарынан әлем соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа аяқ басты деп мәлімдеді. Оның "Давос күн тәртібі" шарасындағы сөзі ұйымның ресми сайтында жарияланды. БҰҰ басшысы қазіргі уақыттағы коронавирус дағдарысы аясындағы әлемді бір сөзбен - "әлсіздік" деп сипаттауға болатынын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Пандемия салдарынан екі миллионнан астам адам қайтыс болды, және біз соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстамыз", - деді Гутерреш.

Дипломат пандемия адамдар мен елдер арасындағы теңсіздік, "климат және биоалуантүрлілік дағдарысының" тұрақсыздығы сияқты әлемдік проблемаларды тудырды деп санайды. Оның айтуынша, "табиғатпен соғыссақ" ол бізге "кері соққы береді". Гутерреш әлемді диалог пен ынтымақтастыққа шақырды.

"Үкіметтер, халықаралық ұйымдар, жеке сектор және азаматтық қоғам, қалалар бірге жұмыс істеуі керек", - деді ол.

Сонымен қатар, БҰҰ бас хатшысы 2021 жылы әлемді пандемия салдарынан қалпына келтіруге "әлсіздіктен тұрақтылыққа өтуді" қолданудың ерекше мүмкіндігі барын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети