03 қараша 2021 10:53

БҰҰ-ның гуманитарлық көмегі бар алғашқы ұшақ Кабулға қонды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Кабул әуежайына гуманитарлық көмек тиелген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасының ұшағы қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.


Кабул әуежайына гуманитарлық көмек тиелген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасының ұшағы қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ Кабулға жергілікті уақыт бойынша 15.30-да жетіп, қоныс аударған ауған азаматтарын жылытуға арналған 33 тонна жиынтықты жеткізді.

"Алғашқы ұшақ қоныс аударушыларға алдағы қыс айларында үйлерін жылытуға арналған 33 тонна жиынтық әкелді", - делінген хабарламада.

25 кг оқшаулауға арналған әр жиынтықта еден, бөлімдер және шатырдың суықтан оқшаулауын жақсартуға арналған басқа заттар бар. Жинаққа пешті орнатуға мүмкіндік беретін ыстыққа төзімді қорғаныс кіреді. Бұл UNHCR үш рейсінің алғашқысы болды, келесі гуманитарлық көмек партиялары 4 және 7 қарашаға жоспарланған.

"Біз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Ауғанстанға және елдің басқа аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін жер, теңіз және әуежолдарын қолданамыз. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда көмекті Ауғанстанға жүк көліктерімен жеткізу үшін Өзбекстанның Термез қаласында гуманитарлық көмек қорлары орналастырылды", - деді БҰҰ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети