10 қыркүйек 2020 09:25

Дағыстанда той алдында уайымға салынған қалыңдық қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: islam-today.ru Фото: islam-today.ru

Дағыстанда үйлену тойының алдында уайымға салынған қалыңдық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Дағыстанда үйлену тойының алдында уайымға салынған қалыңдық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға Мургук ауылында болған. Қалыңдық үйлену тойының алдында қатты қобалжып, дәрі ішіпті. Бірақ оның жағдайы одан әрі ушыға түскен. Ол ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігерлер оған көмектесе алмапты. 

Қазіргі таңда бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Қалыңдықтың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды.

Telegram-дағы Mash каналының мәліметінше, уайымнан қайтыс болған қалыңдықтың есімі - Зареме. Ол 23 жаста болған. Оның бала кезінен жүрегі ауырған.

Үйлену тойының алдында қалыңдық мазасызданып, есінен танған. Туыстары оған дәрі берген. Бірақ қыздың жағдайы одан әрі ушыға түскен. Зареманың қан қысымы күрт төмендеген. Ол инсульттан қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети