16 маусым 2017 15:21

ДАИШ лидерінің өлтірілгені туралы хабар тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.ru © vesti.ru

Ресейдің Қорғаныс министрлігі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лидері Ибрагим Әбу-Бакр әл-Багдадидің Ракка қаласында 28 мамырда РФ ӘҒК соққыларынан өлтірілгені туралы мәліметті жан-жақты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жан-жақты тексеріліп жатқан мәлімет бойынша, РФ Әуе-ғарыш күштері соққы жасаған жиында ИМ лидері Ибрагим Әбу-Бакр әл-Багдади болды, соққы нәтижесінде оның көзі жойылды", - делінген хабарламада. 

Әл-Багдади 2014 жылдың шілдесінде ДАИШ Мосул қаласын басып алған кезде Таяу Шығыста "ислам халифатын" құру туралы мәлімдеме жасауы арқылы танылған болатын. Содан бері БАҚ-тарда оның көзі жойылғаны жайлы хабарлар тараған, алайда мәліметтер расталмаған еді. 

Ал АҚШ басқаратын коалиция ДАИШ лидерінің РФ ӘҒК соққыларынан қаза болған деген мәліметті әзірше растай алмайтыны айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети