1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шыққаны туралы тұжырымға баға берді 13 маусым 2021, 11:57

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шығып кетуін жоққа шығармайтынын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Xinhua Фото: Xinhua

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шығып кетуін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол G7 көшбасшыларының саммитінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық Daily Mail таблоидының мәліметінше, Гебрейесус әлемде кем дегенде 174 миллион адамның коронавирусты жұқтырып, 3,75 миллион адамның қаза болғанын мәлімдеген.

"Менің ойымша, бұл адамдарға лайықты құрмет - вирустың шығу тегі туралы біліп, оның қайталануын (болған жағдайды - Ред.) болдырмау", - деп келтірді басылым Гебрейесустың сөзін.

Таблоидтың хабарлауынша, ДДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шығып кету мүмкіндігі туралы сұраққа "барлық гипотеза ашық болуы керек" деп жауап берген. Гебрейесус коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің бастапқы кезеңінде Қытайда "ашықтық пен ынтымақтастықтың" жеткілікті деңгейі көрсетілмеген деп қосты.

Айта кетейік, G7 саммиті Англияның оңтүстігіндегі Корнуоллда 11-13 маусым аралығында өтіп жатыр.

РИА Новости мәліметтері бойынша, жақында БАҚ-тағы жарияланымдар мен вирустың зертханалық шығу тегі туралы батыс елдерінің мәлімдемелері қайта шыға бастады. Ақ үй релиз шығарды, оған сәйкес, коронавирустың ғылыми зертханадағы апатқа байланысты таралу нұсқасы әлі алынып тасталмаған. АҚШ барлау қауымдастығында вирустың шығуына қатысты екі түрлі нұсқа бар - адамға жануардан жұққан және зертханадан шыққан. Times газеті дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазір Ұлыбритания барлау қызметінің  SARS-CoV-2 коронавирусының зертханадан шығып кетуін "мүмкін" деп санайтынын хабарлады. Осы жарияланымдарға түсініктеме бере отырып, Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь COVID-19-дың шығу тегін анықтаумен арнайы қызмет емес, ғалымдар айналысу керегін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!