1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДДҰ басшысы карантиннен кейін қалыпты өмірге оралудың шарттарын атады01 қыркүйек 2020, 09:15

© REUTERS © REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантиннен кейін елдер шекарасын ашу туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы брифингте ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"ДДҰ экономика мен қауымдастықтарды қайта жаңғырту мәселесін қолдайды. Біз балалардың мектепке, ал халықтың өз жұмыс орындарына оралғанын көргіміз келеді. Бірақ біз оның қаншалықты қауіпсіз болатынын көргіміз келеді", - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттер қалыпты өмірге оралмас бұрын кем дегенде төрт негізгі қадам жасауы керек.

"Бір топ адам арасында вирус таралуын шектеу. Мұндай инфекциялар бұқаралық іс-шараларда, соның ішінде түнгі клубтарда, стадиондарда, діни жиындарда тез таралады. Екіншіден, өлім-жітімді азайту үшін вирус жұқтыру қаупі жоғары осал топтарды қорғау маңызды. Үшіншіден, әр адам қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуы керек - маска тағу, қашық сақтау және қолды жуу. Төртіншіден, билік науқастарды анықтау, оқшаулау, тестілеу және емдеу, сондай-ақ науқастармен байланыста болғандарды дер кезінде анықтау үшін шаралар қабылдауы керек", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Ұлттық валюта нығайды