13 шілде 2020 18:31

ДДҰ мамандары Қытайға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екі сарапшысы коронавирустың қайдан шыққанын зерттеу үшін Қытайға барды. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екі сарапшысы коронавирустың қайдан шыққанын зерттеу үшін Қытайға барды. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Екі жақтың келісімімен ДДҰ Бейжіңге сарапшыларды жіберді. Олар COVID-19 қайдан шыққанын анықтау үшін қытайлық ғалымдармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу үшін келді", - деп хабарлады Хуа Чуньин брифингте.

"ДДҰ вирустың қайдан шыққанын анықтау ұзақ жалғасатын процесс деп есептейді. Ол көптеген елге қатысты болуы мүмкін. ДДҰ алдағы уақытта осындай инспекторлық сапарлармен басқа елдерге де баруы мүмкін", - деп қосты Хуа Чуньин.

Қытайдың СІМ ресми өкілі ДДҰ сарапшылары кіммен кездесетінін және қандай орындарға баратынын нақты айтпады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети